Атырауда мас күйінде көлік тізгіндеген әйел ұсталды
Атырауда мас күйінде көлік тізгіндеген әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
7 маусым күні сағат 06:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері жол қозғалысы қауіпсіздігін бақылау бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізу кезінде Говоров көшесі бойында Daewoo Matiz маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеру барысында аталған автокөліктің 1984 ж.т., әйел жүргізушісінен ішімдіктің иісі байқалған.
Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматшаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608-бабымен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, көлік жүргізушісі сот шешімімен 7 жылға жүргізуші құқығынан айырылды.
– Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік апаттарының алдын алу мен жолда жүру ережелерін өрескел бұзушыларды анықтау мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шараларды өткізіп келеді. Осындай рейдттер барысында полиция қызметкерлері жыл басынан бері мас халде көлік басқарған 214 жүргізушіні ұстады, – деді Атырау қаласы Полиция басқармасы Патрульдік полиция батальонының командирі Нұрлан Сәрсенбаев.
Полиция қызметкерлері мас жүргізушілерді анықтау ішкі істер органдары жұмысының басым бағыттарының бірі екенін тағы да еске салады. Қозғалыс қатысушыларының өздері жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге көмектесе алады. Жол қозғалысы ережелерін бұза отырып, көлік жүргізетін жүргізушілер туралы ақпаратты “102” телефоны бойынша, “Police 102” мобильді қосымшасына немесе Атырау қаласы Полиция басқармасының фейсбук парақшасының мессенджер қосымшасына жеке хабарлауға болады.