Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда полицейлерге бағынбаған қарағандылық әйелге хаттама толтырылды

Атырауда полицейлерге бағынбаған қарағандылық әйелге хаттама толтырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

14 шілде күні сағат 14:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына Кулманов, 101 мекен-жайында орналасқан “Arizona” кафесінің қызметкерлері хабарласып, аталған кафенің алдына хиджаб киіп алған белгісіз әйел адам екі үлкен қара сөмкесін қойып кеткендігі жөнінде хабарлама берген.

Хабарламаны тексеруге учаскелік полиция инспекторлары барған кезде, “Arizona” кафесінің алдында сөмкесін сол кафенің алдына қараусыз тастап кеткен 33 жастағы Қарағанды қаласының тұрғыны полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, боқтап, балағаттап, қарсылық көрсеткен.

Осы аталған оқиға бойынша 33 жастағы әйелге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 667-бабының 1-бөлімімен (Құқық қорғау органы немесе арнаулы мемлекеттік орган, әскери полиция органы қызметкерінің (әскери қызметшісінің), сот приставының, сот орындаушысының заңды өкіміне немесе талабына бағынбау) әкімшілік хаттама толтырылып, жинақталған іс-құжаттар заңды шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру