Атырауда қайта қылмыс жасаған есептегі сотталған 30 тәулікке қамауға алынды
Атырауда қайта қылмыс жасаған есептегі сотталған 30 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14-24 наурыз аралығында республика көлемінде “Пробация” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Аталған іс-шара кезінде ұрлық жасап, ҚР ҚК-нің 24-бабы 3-бөлігі, 188-бабы 1-бөлігі бойынша сотталып, Атырау қалалық пробация қызметі бөлімінің есебіне алынған 38 жастағы А есімді ер адам қайталап қылмыс жасап, пробация қызметінен бой тасалаған. Осыған байланысты Атырау қалалық №2 сотының қаулысымен іздеу жарияланды.
Нәтижесінде сотталған ер адам БҚО Орал қаласынан ұсталып, полицияның уақытша ұстау изоляторына 30 тәулікке қамалды.