Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті

Атырауда ҚАЖ қызметкерлері Ауған соғысы ардагерлерімен кездесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Интернационалдық борышын адал атқарып, антына адал болған Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу өтті.

Жас қызметкерлерге патриоттық рух, ұлттық тәрбие беру нышанында  өткен шараға Атырау облысы Ауған соғысы ардагерлерінің Төрағасы Алишер Ізғалиұлы және жауынгер интернационалист, ҚАЖД ардагері Ризабек Ғалымжанұлы арнайы шақырылды, сұхбат жүргізілді.

Департамент бастығының орынбасары Қайрат Шонаев өзінің жүрек жарды тілегімен шараны ашып, Ауған соғысы жайында қысқаша тарихын айта кетті. 

Ардагерлер ондағы өткен қызықты оқиғаларымен және өмір мен өлім арасындағы қыл көпірдей болған соғыстағы міндеттерінде айтып берді.

Қызметкерлер тарапынан сұрақ-жауап және пікірталаспен жиын жалғасын тапты. Шара соңында департамент бастығы Манарбек Габдуллин арнайы шақыртылған қонақтарды алғыс хатпен және сыйлықпен марапттады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру