Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбеде пробация қызметі сотталғандарды әлеуметтендіру үшін меморандум жасасты

Ақтөбеде пробация қызметі сотталғандарды әлеуметтендіру үшін меморандум жасасты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне бағынысты Ақтөбе қаласының Алматы аудандық пробация қызметінің бастығы Жанна Досимова және Ақтөбе қаласының Астана аудандық пробация қызметінің бастығы Азат Тулегенов облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Дана Бекбауовамен, сондай-ақ қала әкімінің орынбасары Айбек Күпеновпен үшжақты меморандумға қол қойылды.

– Үшжақты меморандумға сай өзара әрекеттесудің мақсаты  – сотталғандарды әлеуметтендіруге жан-жақты көмек көрсете отырып, оларды қоғамға бейімдеу және олардың түзелу жолына түсулеріне ықпал ету. Сонымен қатар, меморандум аясында атқарылатын іс-шаралар барысында пробация есебінде тұрғандарға құқықтық көмек көрсету, мемлекеттік бағдарламаларды түсіндіре отырып, кәсіпкерлік дағдыларға үйрету және кәсіп ашуларына қолдау көрсету, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметшісі Гүлфайруз Төремұратова.

Айта кету керек, өткен жылы “Еңбек” мемлекеттік бағдарламасы аясында кәсіпкерлік негіздеріне оқыту курстарына Ақтөбе қаласының Алматы және Астана аудандық пробация қызметтерінде пробация есебінде тұрған төрт сотталған курсты аяқтаған болса, оның үшеуі пробация қызметкерлерінің қолдауымен 583 400 теңге көлеміндегі қайтарымсыз грантты жеңіп алып, өз кәсіптерін ашты.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру