Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда ҚАЖ қызметкерлері марапатталды

Конституция күніне орай Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде қызметкерлер салтанатты түрде марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz

Іс-шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын орындаумен басталды. ҚАЖ департаментінің бастығы Габдуллин Манарбек жиналғандарды мерекемен құттықтап, ерекше көзге түскен қызметкерлерді медальдармен, грамоталармен және алғыс хаттармен марапаттады.


Салтанатты рәсімге департаменттің жеке құрамы, ведомстволық бағынысты мекемелердің және пробация қызметінің қызметкерлері қатысты. Сондай-ақ, ұзақ жылдар бойы қызмет етіп, ҚАЖ саласына еңбегі сіңген ардагерлер қатысты.

– Биыл мемлекетіміздің іргетасын қалаған Конституция қабылданғанына 27 жыл толды. Конституция — тәуелсіздіктің, бірлік пен тұрақтылықтың кепілі, – деп атап өтті Атырау облысы бойынша ҚАЖД бастығы.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру