Атырауда қоян-қолтық ұрыстан турнир өткізілді
17 наурыз күні Атырауда қызмет бабында қаза тапқан полиция қызметкері Шалқар Ақымғалиевтің құрметіне Атырау облысының Полиция департаменті қызметкерлерінің арасында қоян-қолтық ұрыстан турнир өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Cайысқа Атырау облысының полиция қызметкерлері мен әскери қызметшілері қатысты. Турнирді Атырау облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Әділхан Байдосов ашып, командалық есептің қорытындысы бойынша жүлделі орын алған спортшыларға арнайы алғыс хаттарды табыстады.
2019 жылдың 21 наурызында қызмет бабында қаза тапқан Шалқар Ақымғалиевтің есімін әріптестері әрдайым құрметпен еске алады.