Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда қылмыспен күресте полицияға қолғабыс ететін күзет қызметі марапатталды

Атырауда қылмыспен күресте полицияға қолғабыс ететін күзет қызметі марапатталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау қаласы полиция басқармасы №2 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторы Асыланбек Серікұлының айтуынша, құқық бұзушылықтардың алдын алып, қылмыстың жолын кесуде қоғам болып бірлесу озық нәтижеге қол жеткізуге көмектеседі. Өзіне бекітілген аумақта адамдар көп шоғырланатын қоғамдық орындарда құқық бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында үнемі тұрғындармен тығыз қарым-қатынас орнатуға тырысатынын айтады.

Учаскелік инспектор өзі жүргізген жұмысы барысында тұрғындардың да азаматтық ұстанымын жоғары қойып, қоғамдық тыныштықты қамтамасыз етуге үлес қосуы көп қылмыстың жолын кесетіні сөзсіз дейді.

Мәселен, Атыраудағы ірі “Насиха” сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің бастығы Асхат Якубовичтің сөзінше, өткен жылдан бері тәртіп сақшысымен бірге күзет қызметкерлері 50-ге жуық әкімшілік құқық бұзушылықты анықтаған. Сондай-ақ атыраулық полиция қызметкерлеріне 20-дан астам ұрлықты ашуға ықпалын тигізіпті. Сауда үйіндегі 130-дан астам бейнекамера полиция басқармасының жедел басқару орталығының жүйесіне де тікелей қосылған. Бірлескен жұмыстың жүйелілігі мен оң нәтижесін қолдайтын сауда үйінің қауіпсіздік қызметінің басшысын Атырау облысы полиция департаментінің бастығы Нұрхат Оразбаев алғыс хатпен марапаттады.

– Қылмыспен күресте өз азаматтық ұстанымын таныта білетін, полиция қызметінің қажеттілігін және жауапкершілігін түсіне білетін қоғам мүшелері – «Жұртқа жақын полиция» қағидатының озық көрінісі дер едім. Қоғамның қауіпсіздігін қамтамасыз етуде елеулі үлес қосу – мақтауға тұрарлық іс – деді өңірдің бас полицейі Нұрхат Оразбаев.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру