Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Астанада мас тұрғын күзет мекемесінің көлігін заңсыз айдап кеткен

Астанада мас ер адам күзет мекемесінің оталып тұрған көлігін тізігіндеп кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жедел-іздестіру шаралары барысында криминалдық полиция басқармасының қызметкерлері көлік ұрлығына қатысты деген күдікпен 31 жастағы қала тұрғынын ұстады.

Анықталғандай, түнгі уақытта күзет мекемесіне дәмханадағы төбелеске қатысты қоңырау түскен. Агенттік қызметкерлері LADA Granta көлігімен келіп, олар дәмханаға кірген. Дәл осы уақытта қызметтік көлік жарқыраған шамдарымен жұмыс істеп тұрған. Осы кезде кафеден шыққан мас адам көлікті көріп, оны үйіне айдап кетуге шешім қабылдаған. Алайда 20 метр жүрместен тұрақта тұрған Hyundai Sonata көлігіне соқтығысып үлгерген.

Қазіргі уақытта көлікті мас күйінде басқарғаны үшін көлік жүргізуге құқығы жоқ күдікті, қамауға алынғандар үшін арнайы уақытша ұстау изоляторына 20 тәулікке қамалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру