Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі инспектордың әңгімесі

Абай облысы Семей қаласы полиция басқармасының әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау жөніндегі аға инспекторы Жанна Қасенова Polisia.kz сайтына тағдырдың ауыр сынағына тап болған жандарға қалай қолдау көрсету туралы айтып берді.

Ол зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдің әрбір оқиғасы ешкімді бей-жай қалдырмау керек деп санайды.

Ішкі істер органдарындағы қызметін Жанна 2007 жылы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі учаскелік инспектор лауазымында бастады. Әйелдерді зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінде әйелдер құқығын қорғаушы 2023 жылдың наурыз айынан жұмыс істей бастады. Ол қызмет еткен жылы көптеген отбасылық жағдайға, қақтығыстарға, ауыр зардаптарға тап болды. Әр жағдайда полицей балалардың психологиялық және жалпы жағдайын бірінші кезектегі мәселе ретінде анықтайды.

– Менің ойымша, зорлық-зомбылық – ең алдымен, ерлер мен әйелдердің балалық шақтағы тәжірибесінен туындайтын мәселе. Егер адам бала кезінен белгілі бір мінез-құлық үлгісін дамытса, ол ересек болған кезде, отбасы мен балалары болған кезде саналы түрде өмір сүреді. Мен қызметтің міндеті бойынша көптеген өмірлік аспектіні оқып, басқа адамдардың өмірін іштен көріп, психологтармен, отбасылық мәселелер бойынша мамандармен кеңесіп отырамын, өйткені менің басты міндетім – көмек, – деп бөлісті Жанна Қасенова.

Полиция жазалаушы орган емес, бұл бөлімшенің негізгі бағыты тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен әйелдерге құқықтық, консультациялық көмек көрсету. Отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу мәселелерінде Жанна осы жазда Абай облысында ашылған екі ҮЕҰ және бір дағдарыс орталығымен тығыз жұмыс істейді. Осындай қысқа мерзімде балалары бар 83 әйелге көмек көрсетілді.

– Мен жолдасымнан үш рет кетіп қалғанмын. Кешірім сұрап келгенде балаларым үшін кешірдім. Соңғы рет – кіші баламды дүниеге әкелген кезде ұрып-соғу жалғасты. Мен ақыры кетуге шешім қабылдадым, жеткілікті. Мен саған бұдан былай шыдай алмаймын, – деп қазіргі уақытта дағдарыс орталығында тұратын үш баланың анасы өз әңгімесінде бөлісті.

Жанна Касенова тұрмыстық зорлық-зомбылыққа ұшыраған әрбір әйелге әпке ретінде қарайды, отбасындағы зорлық-зомбылықпен туыстарының, көбінесе тіпті өз балаларының айыптауына қарамастан күресу керек екенін түсіндіреді.

Жанна тағы бір оқиғамен бөлісті. Жақында дүниеге сәби әкеліп, ол жаңалығын ата-анасына айта алмайтын жас ана туралы айтып берді. Оның анасы да үйде жанжал шықса үнсіз қалатын. Енді кейіпкердің өзі осындай жағдайға тап болған кезде оны қолдайтын ешкім болмады.

– Егер қазір біз оған аяғынан тұруға көмектеспесек, онда бәрі сол күйінде қалып, үшінші ұрпақ та дәл осы тағдырды қайталауы мүмкін. Біз ата-анамыздың іс-әрекетіне жауап бере алмаймыз, бірақ балаларымыздың жақсы өмір сүруіне ықпал ете аламыз, – деді Жанна.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру