Атырауда сотталғандар мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті
Атырауда сотталғандар мемлекеттік рәміздер күнін атап өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаменті қарасты УГ-157/9 мекемесінде 4 маусым – Мемлекеттік рәміздер күніне орай мерекелік іс-шара өтті. Сотталғандар рәміздер туралы білетіндерімен бөлісіп, Дина Нұрпейісова атындағы Академиялық қазақ халық аспаптар оркестрі концерт қойды.
– Сотталғандарға бүкілхалықтық сипатқа ие болған бұл мереке барлығымызды біріктіріп, ұлттық сананы қалыптастырып, патриоттық сезімімізді оята отырып, сотталғандар арасында идеологиялық және тәрбие жұмысын жетілдіру мақсатында ұйымдастырылды. Олар викториналық сұрақтарға жауап берді, – дейді ерлер түзету мекемесі бастығының орынбасары Олжас Жаманбаев.
Сұрақтарға жауап берген сотталғандар мекеме бастығының Алғыс хаттарымен марапатталып, олардың бұл жетістіктері жеке істерінде көрсетілетін болады.