Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атырауда жыл басынан бері 8 адам суға кетіп қаза тапты

Атырауда жыл басынан бері сегіз адам суға кетіп қаза тапқан, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Суға шомылу маусымында судағы адам қазасы өзекті мәселеге айналды.

Бір өкініштісі, суға түсуді ыстықтан пана көргендердің қауіпсіздік ережелерін сақтамауы, белгіленбеген жерлерде және ішімдік ішкен күйде суға түсуі, балалардың ересектердің бақылауынсыз су жағасына баруы мен олардың жүзе білмегендігінің салдары қайғылы оқиғаларға әкеліп соғуда.

Алайда Атырау қаласы Полиция басқармасының қызметкерлерімен жүргізіліп жатырған рейдтік іс-шаралар мен ескертулерге қарамастан жыл басынан бері белгіленбеген жерлерде суға түскен 250-ге жуық тұлға әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Айта кетейік, қала аумағында жыл басынан бері сегіз адам суға кетіп, қайтыс болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру