Атыраулық әйел 35 адамды 29 миллион теңгеге алдап кетті
Атыраулық әйел 35 адамды 29 миллион теңгеге алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырауда қала тұрғыны алаяқтық жолымен 35 адамның ақшасын алып, қалтасына басқан. Ол алдымен өзінің туыстарын қаладағы Нұрсая мөлтек ауданынан арзан бағада пәтер алып беремін деп арбауына түсірген. Жәбірленушілерден Kaspi.kz қосымшасы арқылы банк картасына, тіпті кейбіреулерінен қолма-қол ақша алған. Ол өзінің қызмет құнын 300 мың теңгеден 5 миллион теңгеге дейін бағалаған.
Сөйтіп, азаматтардан барлығы 29 млн 300 мың алады. Ал төлем жасап, пәтер күткен қала тұрғындары өздерінің алданғанын әйел телефонын өшіріп, үшті-күйлі жоғалып кеткенде бірақ біледі.
Атыраулық полицейлер 32 жастағы күдікті әйелге қатысты ҚР ҚК 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізіліп, іс сотқа жолданды.