Атыраулық полицейлер 150 келі заңсыз балық аулағандарды анықтады
Атыраулық полицейлер 150 келі заңсыз балық аулағандарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
«Бекіре-2021» жедел профилактикалық іс-шарасы бойынша 12 қыркүйек күні сағат 11:30 шамасында автопатрульдеу кезінде Атырау-Индер тас жолында маркасы «ВАЗ 21099» автокөлігі тоқтатылып тексеру барысында артқы жүк салғышынан садмағы 150 келіден асатын мөңке, сазан, дөңмаңдай балықтарын тасымалдап келе жатқаны анықталды.
Көлікте үш адам болған, барлығы да Атырау облысының тұрғындары. Оларға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде. Заңсыз ауланған балықтар балық зауытына тапсырылды.