Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбе облысында соңғы 3 жылда ПБ-не 319 қару тапсырылды

Ақтөбе облысында соңғы үш жылда ПБ-не 319 қару тапсырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті жыл сайын жедел жағдайды тұрақтандыруға және азаматтық және қызметтік қару айналымы саласында бұзушылықтарға жол бермеуге бағытталған заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсыру бойынша алдын алу іс-шараларын жүргізеді.

Ағымдағы жылы халықтан тіркелмеген қару-жарақ заттарын сатып алу бойынша өткізілген республикалық акция шеңберінде облыстың аумақтық әкімшілік полиция бөлімшелеріне 85 бірлік қару тапсырылды, оның ішінде ойық – 7 және тегіс ұңғылы – 78 қару, сондай-ақ жалпы сомасы 5 млн.теңгеге сегіз дана артиллериялық снаряд және үш килограмм оқ-дәрі бар.

Мысалы, 2021 жылғы 9 қыркүйекте Ақтөбе қалалық ПБ азаматтық қару айналымын бақылау бөлімшесіне “А” азаматы тіркелмеген (заңсыз) атыс қаруының екі бірлігін (оның ішінде “ТОЗ-8” маркалы ойық қару және “ИЖ-12” маркалы тегіс ұңғылы қару) ақшалай сыйақыға өз еркімен тапсыру мәселесі бойынша жүгінді.

Соңғы үш жылда ПБ-не 319 қару тапсырылды, оның ішінде 2018 жылы – 124, 2019 жылы – 131 және 2020 жылы-64.

Облыстық ПД Әкімшілік полиция басқармасы заңсыз сақталған қаруды өз еркімен тапсырған адам қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын еске салады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру