Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

5 млн. теңгеге ұн алған шымкенттік, ЖШС қызметкерін алдап кетті

Шымкенттік полицейлер алаяқтық жайтын ашты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласында орналасқан ЖШС бірінен бұрын таныс емес азамат сеніміне кіру арқылы заттай ұндарын алған. Алайда алған ұнның ақшасын қайтармай, сенімін теріс пайдаланып, алдап кеткен. Келтірілген шығын көлемі 4 276 000 теңгені құрап отыр. Қазіргі таңға дейін не ақшасын, не ұнын қайтара алмаған кәсіпкер Шымкент қаласы Қаратау ауданы Полиция басқармасына “102” нөмірі арқылы арызданған.

Тәртіп сақшылары жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында жергілікті жердің тұрғынын анықтап, жеткізген. Тергеу амалдары жүргізілуде. Анықталған азаматтың басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы анықталуда.

Осы орайда, Шымкент қаласының полицейлері тұрғындарға жеке мүлкіне сақ болуға шақырады. Егер Сіз алаяқтықтың құрбаны немесе куәгері болсаңыз, тез арада “102” нөміріне хабарласыңыз. Сіздің берген ақпаратыңыз, қылмыстың тез арада ашылуына өз септігін тигізетінін ескеріңіз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру