Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да әйелдер колониясында халық санағының қорытындысы шығарылды

ШҚО-да әйелдер колониясында халық санағының қорытындысы шығарылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ҚР Үкіметінің 2019 жылғы 19 маусымдағы қаулысына сәйкес, 2021 жылдың 1 қыркүйегінен бастап елімізде ұлттық санағы басталды. Санақтың негізгі міндеті –халықтың демографиялық және әлеуметтік-экономикалық сипаттамаларын кешенді бақылауға мүмкіндік беретін ақпарат алу.

– Біз бұл оқиғаға үлкен жауапкершілікпен дайындалдық және де қысқа мерзімде Үкіметпен біздің алдымызға қойылған тапсырманы сәтті аяқтауға бар мүмкіндігімізді салдық. Бүгінгі күнге мекемеде 225 әйел адам жазасын өтеп жатыр. Сотталған әйелдерге қолма-қол сауалнама жүргізіліп, жұмыс онлайн режимінде өткізіліп, барлық деректер сол арада бірден “Халық санағы” веб-сайтына еңгізілді.

Бұл санақта көптеген сұрақтар бар екені рас және де осы санақ бұрын жүргізілген санақтардан айтарлықтай ерекшеленеді, сонымен қатар Халық санағы бойынша жұмыс толықтай аяқталғаны жөнінде баяндаймыз, – деді мекеме бастығы Жақсылық Алтаев.

ОВ-156/21 мекемесінде қыркүйек айының алғашқы күндерінен бастап, арнайы есеп алу бөлімі мен тәрбие жұмысы бөлімінің қызметкерлерінің бір тобы оқудан өтіп, осы іс-шараны толық жүргізді.

Жауап қалдыру