Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Петропавл полицейлері жүк көлігінің мас жүргізушісін ұстады

Петропавл полицейлері жүк көлігінің мас жүргізушісін ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жексенбі күні Петропавлда айналма жолда патрульдік полиция батальонының экипажы “ГАЗель” жүк көлігін тоқтатады. Оның рөлінде 25 жастағы қалалық масаң күйде отырған. Аталған факті бойынша ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабымен материалдар жиналды. Масаң күйде болған жүргізуші жеті жыл мерзімге басқару құқығынан айырылды.

Полицейлер СҚО аумағында қыркүйектің 10-ы мен 30-ы аралығында өткізіліп жатқан “Мас жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында тексеруде. Іс-шараның мақсаты – жолдағы тәртіпті нығайту, масаң күйде көлік жүргізуге жол бермеу.

– Мас автожүргізушілер жол қозғалысына қатысушыларға зор қауіп төндіреді, – дейді СҚО ПД ЖПҚ басқармасының бастығы Айдын Байматов. Облыста сегіз айдың ішінде мас жүргізушілердің кінәсінен 16 жол-көлік оқиғасы орын алды, онда бес адам қаза тауып, тағы 22-сі жарақаттанған. Түрлі ЖКО 20 адам қайтыс болды. Егер көлік тізгініне масаң күйде отырмағанда, мұндай қайғылы жағдай болмас еді.

ЖПІШ-нің төрт күнінде СҚО полицейлері алкогольдік масаң күйде рөлге отырған 24 адамды жауапкершілікке тартты. 2 мыңға жуық ЖЖЕ-нің түрлі бұзушылықтары анықталды. Жыл басынан масаң күйде көлік басқарған 731 жүргізуші жауапкершілікке тартылды. Тәртіп сақшылары жол қозғалысына қатысушылардың барлығын заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру