Атыраулық полицейлер бір түнде 9 мас жүргізушіні анықтады
Атыраулық полицейлер бір түнде мас күйде көлік басқарған 9 жүргізушіні анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Бір түнде Атырау қаласы Полиция басқармасының патрульдік полиция қызметкерлері мас күйде көлік басқарған тоғыз жүргізушіні анықтап, әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Мысалы, 25 қыркүйек күні сағат 04:10 шамасында патрульдік полиция қызметкерлері Владимирский көшесінде Cadillac Escalade маркалы автокөлігін тоқтатып, тексеріс кезінде аталған автокөліктің жүргізушісінен ішімдіктің иісін байқаған. Медициналық сараптаманың корытындысымен оның жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабы 1-бөлімімен (Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны үшін) әкімшілік хаттама толтырылып, сот шешімімен 38 жастағы азамат жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.
Сонымен қатар, тоғыз жүргізушінің көлігі арнаулы тұраққа қойылып, олардың барлығы жеті жылға көлік жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.