Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда бопсалау туралы жалған ақпарат берген тұрғын жауапқа тартылмақ

Павлодарда бопсалау туралы жалған ақпарат берген тұрғын жауапқа тартылмақ, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Павлодар қаласының тұрғыны зорлық-зомбылық көрсету қаупін төндіру арқылы танысы одан 200 мың теңге көлемінде ақша талап ететіндігі туралы өтінішпен жүгінді. Қазақстан Республикасы ҚК 194-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізу барысында бопсалаудың болмағаны анықталды.

Ал “жәбірленуші” ер адам тергеуді жаңылыстырып, жалған айғақтар берді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 420-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Енді ер адам өзінің өтірігі үшін сот алдында жауап беруі керек.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру