Атыраулық полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған қойшыны тапты
Атыраулық полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған қойшыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Атырау облысы Жылыой аудандық полиция бөлімінің “102” нөміріне 19 желтоқсан күні сағат 13:30 шамасында ер адам қойшының мал айдап әкетуге кетіп, қайта оралмағаны туралы айтқан.
Анықталғандай, 47 жастағы ер адам Ақкиізтоғай ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан қожалықтан мал айдап келе жатып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты белгісіз бағытқа кетіп, үйінен адасып қалған.
Хабарлама түскен сәттен бастап, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Талғат Утемуратов пен кинолог Нұрсұлтан Нұрланов, “Ральф” атты қызметтік-іздестіру иті және ТЖҚ қызметкерлерімен шұғыл түрде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ер адам далалықтан, яғни қожалықтан 15 км қашықтықтан табылды.
– Күн батқаннан кейін қалың тұман басты, содан кейін бағыттан адасып қалғанмын. Күнде суық болғасын, малды адастырмай апарайын деп жүре бердім. Полицейлердің көлігінің жарығын көріп қуандым, аман-есен үйіме оралғаным үшін оларға рақмет айтамын, – деді Әділ Мұхитов.