Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған қойшыны тапты

Атыраулық полицейлер мал іздеп шығып, адасып қалған қойшыны тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Атырау облысы Жылыой аудандық полиция бөлімінің “102” нөміріне 19 желтоқсан күні сағат 13:30 шамасында ер адам​ қойшының мал айдап​ әкетуге кетіп, қайта оралмағаны туралы айтқан.

Анықталғандай, 47 жастағы ер адам Ақкиізтоғай ауылынан 10 шақырым жерде орналасқан қожалықтан мал айдап​ келе жатып, ауа райының күрт өзгеруіне байланысты белгісіз бағытқа кетіп, үйінен адасып қалған.

Хабарлама түскен сәттен бастап, учаскелік полиция инспекторының көмекшісі Талғат Утемуратов пен кинолог Нұрсұлтан Нұрланов, “Ральф” атты қызметтік-іздестіру иті және ТЖҚ қызметкерлерімен шұғыл түрде іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде ер адам далалықтан, яғни қожалықтан 15 км қашықтықтан табылды.

– Күн батқаннан кейін қалың тұман басты, содан кейін бағыттан адасып қалғанмын. Күнде суық болғасын, малды адастырмай апарайын деп жүре бердім. Полицейлердің көлігінің жарығын көріп қуандым, аман-есен үйіме оралғаным үшін оларға рақмет айтамын, – деді Әділ Мұхитов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру