Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тараз тұрғыны есірткі жарнамалайтын граффити салу кезінде ұсталды

Тараз тұрғыны есірткі жарнамалайтын граффити салу кезінде ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында 21 жастағы Тараз қаласының тұрғынын ұстады. Ол облыс орталығының үйлері мен ғимараттардың қабырғаларына есірткі сататын сайттарды жарнамалайтын граффити жазған.

Тексеру барысында күдіктіден заттай айғақтар – қара түсті маркер мен ұялы телефоны табылды.
Ұсталған азамат өз кінәсін мойындады.

Аталған дерек бойынша ҚР ҚК-нің 299-бабы 1-бөлігі бойынша (Есірткі құралдарын, психотроптық заттарды немесе сол тектестерді, прекурсорларды насихаттау немесе заңсыз жарнамалау) сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Аталған қылмысты жасағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінде 3 жылдан 6 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

– Құрметті тұрғындар, егер сіз есірткі сайттарын жарнамалау, есірткі заттарын тарату немесе пайдалану сияқты заңсыз әрекеттерді көрсеңіз, “102” нөміріне немесе тұрғылықты полиция бөлімінің кезекші бөліміне хабарласуыңызды сұраймыз, – деп ескертті Жамбыл облысы ПД ЕҚҚІБ бастығы А. Жұмабеков.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру