Атыраулық полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес айлығын қорытындылады
Атыраулық полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес айлығын қорытындылады, - деп хабарлайды Polisia.kz
Атыраулықтар 26 маусым - Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Атырау облысы әкімдігі және Полиция Департаменті бірлескен көптеген іс-шаралар өткізілді. Нашақорлыққа қарсы күрес айлығының басты мақсаты - қоғамды біріктіре отыра нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешенің іске асыру, халықтың наркология саласындағы білімдерін арттырып, салауатты өмір сүру салтын насихаттау.
- Есірткіні соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы өскелең ұрпаққа үлкен қауіп тудырады. Нашақорлықтын алдын алу - есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың басты элементі, - деген болатын Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында.
- Мұндағы іс-шараларды өткізудегі мақсатымыз - қоғамның салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау. Болашаққа нашақорлықсыз бағыт таңдауды жастар арасында кеңінен тарату. Іс-шаралар кезінде жастардың азаматтық ұстаны мен белсенділігі таң қалдырды. Акциялар кезінде үнемі өз идеяларын ортаға салып, жүзеге асырған барша белсенді жастарға рақмет айтамыз, - деді Атырау облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.