Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Келестік полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады

Келестік полицейлер дүкенге ұрлыққа түскен күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Келес аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Ер адамның айтуынша, оның азық-түлік дүкеніне сағат 19:30 шамасында белгісіз біреу кіріп, азық-түлік заттары мен кассада тұрған 20 мың теңге ақшасын жымқырып кеткен. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 300 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша тіркеуге алды.

Тәртіп сақшылары хабарлама келіп түскен бойда оқиға орнына жетті. Олар ұрлық қылмысын ашу мақсатындағы қажетті шараларды жүзеге асырды. Жақын аумақтарды түгел қарап шығып, бейнебақылау камераларын тексерді.

Нәтижесінде, күдіктінің бұрын сотты болған жергілікті тұрғын екені анықталды. Белгілі болғандай, күдікті ер адам мас халде болған. Ол тас жол бойында орналасқан асхананың терезелерін бұзып, дүкенге кірген. Сезікті бөтеннің мүлкін ұрлап, қажеттілік үшін бас пайдасына жаратып жіберген. Қазіргі таңда ер адамға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру