Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес айлығын қорытындылады

Атыраулық полицейлер нашақорлыққа қарсы күрес айлығын қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz

Атыраулықтар 26 маусым – Нашақорлыққа қарсы күрес күніне орай Атырау облысы әкімдігі және Полиция Департаменті бірлескен көптеген іс-шаралар өткізілді. Нашақорлыққа қарсы күрес айлығының басты мақсаты – қоғамды біріктіре отыра нашақорлыққа қарсы іс-шаралар кешенің іске асыру, халықтың наркология саласындағы білімдерін арттырып, салауатты өмір сүру салтын насихаттау.

– Есірткіні соның ішінде синтетикалық есірткінің таралуы өскелең ұрпаққа үлкен қауіп тудырады. Нашақорлықтын алдын алу – есірткі қылмысына қарсы іс-қимылдың басты элементі, – деген болатын Қазақстан Республикасының Президенті өз Жолдауында.

– Мұндағы іс-шараларды өткізудегі мақсатымыз – қоғамның салауатты өмір салтын ұстануын насихаттау. Болашаққа нашақорлықсыз бағыт таңдауды жастар арасында кеңінен тарату. Іс-шаралар кезінде жастардың азаматтық ұстаны мен белсенділігі таң қалдырды. Акциялар кезінде үнемі өз идеяларын ортаға салып, жүзеге асырған барша белсенді жастарға рақмет айтамыз, – деді Атырау облысы Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының бастығы Марат Тағаниязов.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру