Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістан облысында жас қыз тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған

Түркістан облысында жас қыз тұрғынның атынан несие рәсімдеп алған, – деп хабарлайды Polisia.kz

Төлеби аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Әйел адамның айтуынша, оның ауылдас танысы телефонын пайдаланып, банктік қосымшасы арқылы 560 мың теңге, шағын несие беру ұйымынан 79 мың теңге несие рәсімдеген. Әйел адам мұны қарызыңыз көбейіп кетті деп банк қызметкері хабарласқанда ғана білген. Жәбірленушіге келген шығын көлемі – 639 мың теңге.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркеуге алды.

Тәжірибелі тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында сезіктінің жергілікті тұрғын екені белгілі болды.

Анықталғандай, күдікті жас әйел мұндай қадамға тұрмыстық қажеттілік үшін барғанын айтты. Ол рәсімдеген несиені өзінің банк шотына аударып алған. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру