Атыраулық полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ 6 адамды анықтады
Атыраулық полицейлер тұрғылықты мекенжайы жоқ алты адамды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Күн суытқанда учаскелік полиция инспекторлары қиын өмірлік жағдайға тап болған адамдардың болуы мүмкін жерлерді тексеруді қолға алады. Оның ішінде жылу трассалары, жертөлелер, қараусыз қалған саяжай үйлері және басқа да орындарға рейдтер жүргізіледі. Сақшылардың басты міндеті – үй-күйсіз жүрген азаматтардың күн суықта үсіп қалуын болдырмау.
Осындай рейдтік іс-шаралардың бірін өткізу кезінде учаскелік полиция қызметкерлері тұрғылықты мекенжайы жоқ 6 адамды анықтап, Атырау қаласы Полиция басқармасының қабылдау-тарату орнына орналастырды.
Аталған азаматтар баратын жерлері болмағандықтан, жылы жерлерді пана етіп жүргендерін айтқан.
Айта кетейік, жыл басынан бері учаскелік полиция қызметкерлері қабылдап-тарату орнына тұрғылықты мекенжайы жоқ 50-ге жуық адамды жеткізген.