Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер тұрмысы қолайсыз 18 отбасыны тексерді

Атыраулық полицейлер тұрмысы қолайсыз 18 отбасыны тексерді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қала аумағында Кәмелетке толмағандарға қатысты зорлық-зомбылық пен қатыгездік көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету мақсатында 7-13 маусым аралығында “Зорлық-зомбылықсыз балалық шақ” акциясы өткізілуде.

Акция кезінде Атырау ҚПБ Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторларымен және мүдделі мемлекеттік орган қызметкерлерімен бірлесіп, ПО-ның жайсыз отбасы есебінде тұрған 18 жайсыз отбасы тексеріліп, “маскүнем” есебінде тұрған 1 248 адамның 98-і, ПО-ның “педофил” есебінде тұрған 10 адамға жергілікті полиция қызметі бөлімі учаскелік полиция инспекторларымен тұрғылықты мекен-жайларынан тексеріліп, кез-келген қылмыстардың алдын-алу бағытында профилактикалық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Қалалық білім беру ұйымында білім алып жатқан жасөспірімдерідің ата-аналарымен ювеналды полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторларымен және білім беру ұйымдарындағы педагогтарымен бірлесіп жасөспірімдердің арасында тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және жауапкершілігі бойынша, жасөспірімдермен жасалып жатырған қылмыстардың алдын алу бағытында мүдделі органдармен бірлесіп, жергілікті полиция қызметі бөлімі басшаларымен бірлесіп дөңгелек үстелдер өткізілді.

Жергілікті полиция қызметі бөлімі ювеналды полиция бөлімшесінің мекен-жайларды тексеру барысында ПО-ның жайсыз отбасының есебіне екі жайсыз отбасы анықталып, есепке алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру