Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістандық полицей тұрғыннан “марихуана” тапты

Түркістандық полицей тұрғыннан “марихуана” тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан ҚПБ ЖПҚ УПИ Ғани Бименов С. Қожанов көшесінің бойынан күдік тудырған жаяу жүргіншіні байқады. Содан полицей орта жастағы ер адамға келіп одан “Жаныңызда заңға қайшы зат бар ма?” – деп сұрады. Алайда ер адам полицейдің сұрағына толық жауап бере алмай, қисынсыз әрекеттермен күдік тудырдты. Осыдан соң күдікті ер адамды тексеру кезінде, оның шалбарының сол жақ қалтасынан сіріңке қорабына жасырылған есірткіге ұқсас зат табылды.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері СДТБТ-ға ҚР ҚК-нің 296-бабы (Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен, прекурсорлармен, өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) бойынша тіркеді.

Күдіктіден алынған есірткінің жалпы салмағы сараптама қорытындысы бойынша 0,8 грамм “марихуана” болып шықты. Ұсталған ер адамға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру