Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО-да 300-ден астам шетелдік жауапқа тартылды

ШҚО-да 300-ден астам шетелдік әкімшілік жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

“Мигрант” жедел алдын алу шарасын өткізудің үш күні ішінде халықтың көші-қоны туралы заңнамасын бұзғаны үшін 322 шетелдіктер ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 15 шетел азаматы Қазақстан Республикасынан тысқары шығарылды.

Қазақстан Республикасының 153 азаматы өздерінде көшіп келушілердің болуы туралы ішкі істер органдарына уақтылы хабардар етпегені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Шетел азаматының уәкілетті органның рұқсатынсыз еңбек қызметін жүзеге асырып жүргені үшін 21 жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

– Ағымдағы жылдың көктемінде Қазақстанға келіп, өзінің төлқұжатын жоғалтқан және еліне қайтуына материалдық мүмкіншілігі болмаған 52 жастағы Ресей Федерациясының азаматын 9 маусымда “Феникс” даму және бейімделу орталығы өкілдерімен бірлесіп, елден шығаруы ұйымдастырылды,- деді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

“Мигрант” жедел алдын алу іс-шарасы 16 маусымға дейін жалғасатынын естеріңізге саламыз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру