Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Атыраулық полицейлер жоғалған 9 жастағы жасөспірімді үйіне қайтарды

Атыраулық полицейлер жоғалған 9 жастағы жасөспірімді үйіне қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 15 маусым күні сағат 12:00 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының 102 операторына 43 жастағы әйел қоңырау шалып, өзінің 9 жастағы жасөспірім ұлының белгісіз жаққа шығып кетіп, қайта оралмағандығын айтып, хабарлама берген.

Хабарламаны тексеру барысында Жедел басқару орталығының бейнекамера қызметкерлері мен еріктілер тобы бірлесіп іздестіру жұмыстарын жүргізіп, нәтижесінде жасөспірім Вокзал 3 «а» мөлтек ауданында орналасқан «Мастер дом» құрылыс дүкенінің ішінен табылып, анасына аман-есен тапсырылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру