Атыраулық полицейлер жолда сақ болу қажеттігін ескертеді
Атыраулық полицейлер жолда сақ болу қажеттігін ескертеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 желтоқсан күні сағат 10:20 шамасында Атырау-Орал тас жолының Атырау қаласына кіреберіс тұсында Opel Astra автокөлігінің 44 жастағы жүргізушісі жол тайғақтығынан тайып кетіп, жол белгісіне соқтығысқан. Салдарынан көлік жолдан шығып кеткен. Қазіргі уақытта іс-құжаттар жинақталуда.
Одан басқа, 15 желтоқсан күні сағат 11:10 шамасында Атырау-Орал тас жолы Алмалы ауылының тұсында Ресей мелекетінде тіркелген ВАЗ-2107 автокөлігі көктайғақ салдарынан тайып кетіп, жол жиегінде орналасқан электр бағанасына соқтығысып, соққы екпінімен жолдың жиегіне шығып кеткен.
Атыраулық полицейлер күннің тайғақ болуына байланысты жүргізушілерді қозғалыс кезінде барынша мұқият және сақ болуға, жылдамдық режимін, қауіпсіз қашықтықты және ережелерді сақтауға шақырады.