“Жүргізуші куәлігін дайындап беремін”: Семей тұрғыны алаяққа алданып қалды
Семей тұрғыны алаяққа алданып қалды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Осы жылдың желтоқсан айының басында Семей қалалық ПБ Орталық ПБ «102» жедел арнасына қаланың 21 жастағы тұрғыны жүгінді, ол таныс емес жігіт сеніміне кіріп, жүргізуші куәлігін дайындап беремін деп 100 мың теңгесін иемденгенін хабарлады.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде криминалдық полиция қызметкерлері күдіктіні «ізін суытпай» ұстады. Ол 22 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Жігіт қылмыстық іс-әрекетін мойындап, алынған ақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсағанын жеткізді.
Бүгінгі таңда күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы – келу міндеттемесі түрінде тағайындалды.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 190-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу әрекеттері басталды.