Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер темір құбыр ұрлаған шымкенттікті ұстады

Полицейлер темір құбыр ұрлаған шымкенттікті ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол онда үйінің ауласында тұрған темір құбырын түнгі сағат 04:30 шамасында белгісіз біреулердің қолды еткенін жазып көрсеткен. Келтірілген шығын көлемі 200 мың теңгені құраған.

Аталған жайтты полицейлер ҚР ҚК-нің 188-бабымен (Ұрлық) тіркеп, шұғыл іздестіру жұмыстарына жұмылды.

Тәртіп сақшылары ұрлық жайтын ашу үшін қажетті іс-шараларды жүзеге асырды. Жақын аймақтарды мұқият тексеріп, көрген-білгендерден жауап алды. Нәтижесінде, небәрі екі тәулік ішінде ұрлық жасаған азаматты анықтап, басқармаға жеткізді.

Ол 40 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Тергеу барысында белгілі болғанындай, жеңіл жолмен ақша табуды көздеген азамат түнгі уақытта ешкімнің жоқтығын пайдаланып, темір құбырды ұрлаған.

Бүгінгі таңда ұсталған ер адамға ешқайда кетпеу туралы қолхат түрінде бұлтартпау шарасы қолданылды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру