Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкентте тұрғын алаяққа жарты млн теңгесін беріп қойды

Шымкентте тұрғын алаяққа жарты миллион теңгесін беріп қойды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Еңбекші АПБ-на жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында бейтаныс әйел арнайы мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз қаржы алып беремін деп 500 мың теңгесін иемденіп кеткенін көрсеткен.

Аталған жайтты тәртіп сақшылары ҚР ҚК-нің 190-бабы 2-бөлігімен (Алаяқтық) тіркеді.

Криминалдық полиция бөлімі қызметкерлерімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде, жергілікті тұрғын анықталып, тиісті басқармаға жеткізілді. Тергеу амалдары барысында азаматшаның басқа да қылмыстарға қатысы бар екені анықталды.

Қазір күдікті әйелге қатысты міндеттеме түріндегі бұлтарпау шарасы қолданылған.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру