Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауданы 18 шаршы метр бөлмеде 700 адам тіркелген

Полиция қызметкерлері Нұр-Сұлтан қаласында жатақханада тұрмайтын жалған тұрғындарды анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ауданы 18 шаршы метр бөлмеде 700 адам тіркелген. Баспананың иесі жатақханада тұрмайтын адамдарды тұрақты негізде тіркеген. Тіркелген адамдардың тұратынын анықтау мақсатында полиция қызметкерлері аталған мекенжайға бірнеше рет барған. Алайда, тұрғындарды анықтау мүмкін болмаған. Көршілерінің айтуынша, бөлме бос тұр. Онда ешкім тұрмайды. Қазіргі кезде полицейлер бөлме иесінің жүрген жерін анықтауда. Оған қатысты әкімшілік ықпалдағы шаралар қабылданатын болады. «Электрондық үкімет» веб-порталы арқылы тіркеу пәтер иелеріне азаматтарды көптеп тіркеуіне мүмкіндік береді.

Көші-қон заңнамасын бұзушылықты ескерту мақсатында ПД көші-қон қызметі халықты тұрғылықты жері және нақты тұратын жері бойынша уақытында тіркелуге шақырады. Мекенжай мәліметтерінде алшақтықтар болған жағдайда ХҚКО-дағы көші-қон қызметі бөліністеріне жүгінуді сұраймыз. Сонымен қатар, меншік иелерінен тұрмайтын азаматтарды тіркеуден уақытында шығаруды сұраймыз.
Елордадағы халықты есепке алу және көші-қон ағымының өсуіне талдау жасау азаматтарды тұрғылықты жері бойынша және уақытша келу (тұру) орны бойынша тіркеген кезде жүзеге асырылады.

Полиция департаменті аталған бағыттағы жұмысты тұрақты негізде жүргізеді және көші-қон заңнамасын бұзушыларға қатысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шаралар қабылданатын болады.

Азаматтар мен қала қонақтарынан мұқият болуды және хабарландырулар және жалған мекенжайлар бойынша тіркелмеуді сұраймыз. Себебі тұрғылықты жері бойынша тіркелмеу немесе тұрғылықты жері бойынша тіркеуде болмауы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жауапкершілік артады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру