Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ауылдасының қорасындағы сиырын ұрлады деген күдікпен екі тұрғын қамауға алынды

Алматы облысында ауылдасының қорасындағы сиырын ұрлады деген күдікпен екі тұрғын қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. Жоламан ауылының тұрғыны кешке қорасындағы сиырының қолды болғанын көріп, бірден полицияға хабар берген.

Осы қылмысты ашу және қатысы бар адамдарды анықтау мақсатында дереу жедел-тергеу тобы құрылды. 

– Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-1-бабы (Мал ұрлау) бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-іздестіру жұмыстары барысында 1991 және 1997 жылы туған, бұған дейін сотталмаған екі тұрғын күдікке ілінді. Сотқа дейінгі тергеу барысында олардың сиырды ұрлап, Қапшағай қаласындағы танысына өте арзан бағаға сатып жібергені анықталды. Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Өзге ақпарат тергеу құпиялығына байланысты жариялауға жатпайды, – деді Кербұлақ ауданының ПБ бастығы Ербол Ахметқалиев.

Қазіргі уақытта ұсталғандардың осыған ұқсас өзге де қылмыстарға қатысы тексерілуде. Күдіктілердің заңсыз әрекеттері зардап шегушіге 270 мың теңге көлемінде материалдық шығын келтірген. Олардың ұрланған малды тиеген жеңіл көлігі тәркіленіп, тергеу аяқталғанға дейін арнайы тұраққа тоғытылды. Қолды болған сиыр тәркіленіп, заңды иесіне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру