Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алдын алу шаралары қабылдануда

Атырау облысында үй жануарларына тағуға жарық шағылыстырғыш ленталар таратылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полиция департаменті бастығы Қамза Үмбетқалиевтің нұсқауына сай, өңірде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар жүргізілуде.

Солардың бірі республикалық маңызы бар тас жолдарда үй жануарларының қатысуымен болатын жол апаттарының алдын алу.

Талдау көрсеткендей, малдардың қатысуымен орын алған жол-көлік оқиғаларының басым көпшілігі тәуліктің қараңғы уақытында болған,  жүргізуші жолға кенеттен шыққан жануарды көрмей қалған.

Қазіргі таңда осындай жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында өңірде мал иелеріне жарық шағылыстырғыш таспа-ленталар мен спрейлер таратылуда.

Көлік жүргізушісінің дер кезінде жол апатының алдын алуға малға тағылған жарық шағылыстырғыштың көмегі көп.

2021 жылдың 15 қаңтарында осындай жабдықтар Атырау – Доссор – Құлсары – Бейнеу республикалық маңызы бар автокөлік жолының Жылой ауданының тұсындағы тас жолға жақын орналасқан және үй жануарларының жолға шығу қаупі жоғары төрт шаруа қожалығының иесіне табыс етілді.

Айта кетейік, 2019 жылы облыс аумағында үй жануарларының қатысуымен бес жол-көлік оқиғасы орын алып, олардың салдарынан төрт адам қаза тауып, бес адам түрлі дене жарақатын алған. Ал, 2020 жылы осындай екі жол-көлік оқиғасы тіркеліп, онда бір адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру