Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Маңғыстауда ер адамды ұрып-соққан күдікті ұсталды

Ақтауда танысы ер адамды ұрып-соғып, қашып кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтау қаласының Полиция басқармасына Маңғыстау облысы Бейнеу ауданының тұрғыны арызданды. Арызданушының айтуынша, қаңтар айының 15-інен 16-сына қараған түні 20-шағын аудандағы құрылыс алаңында оны бір танысы ұрып-соғып, бетіне бірнеше рет соққы жасап, жақ сүйегін сындырған.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында полицейлер Бейнеу ауданының 37 жастағы тұрғынын ұстады. Денсаулыққа қасақана ауырлығы орташа зиян келтіру дерегімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру