Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

10 млн теңгені қайтармай жүрген алаяқ құрықталды

Маңғыстау облысында танысынан түрлі себептермен алдау жолымен 10 миллион теңге алып, қайтармай жүрген алаяқ әйел ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияға Ақтау қаласының тұрғынынан арыз түсті. Ер адам 2019 жылдың қаңтарынан бастап бүгінгі күнге дейін таныс әйелдің түрлі қажеттіліктеріне ақшалай қаражат алып, әлі қарызын қайтармағаны туралы шағымданды. Екі жыл ішінде әйел жәбірленушіге 10 миллион теңге көлемінде қарыз болған.

Полиция қызметкерлері 38 жастағы азаматшаны ұстады. Алаяқтық фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдіктіге қатысты ешқайда кетпеу туралы бұлтартпау шарасы қолданылды.

Маңғыстау облысының Полиция департаменті азаматтарға ақша қаражаттарын бейтаныс адамдарға бермеуді ескертеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру