Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Автобус» іс-шарасы: Атырауда қоғамдық көлікті мас күйінде басқарып қарсы бағытқа шыққан ​2 жүргізуші анықталды

Атырауда қоғамдық көлікті мас күйінде басқарып қарсы бағытқа шыққан ​екі жүргізуші анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

– Облыс аумағында автомобиль жолдарында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын жүргізушілер арасында көліктік тәртіпті арттыру, сондай-ақ желіде жолаушылар тасымалы қызметін тіркеусіз жүзеге асыратын азаматтарға қатысты бақылауды жетілдіру мақсатында 4-13 қазан күні аралығында республикалық денгейде «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде. Аталған іс-шараның бірінші күні ПД
патрульдік полиция қызметкерлері жолаушылар тасымалымен айналысатын көлік құралын алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқарған екі деректі анықтады, – деді Атырау облысы Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.


Мысалы патрульдік полиция қызметкерлері 4 қазан күні таңғы сағат 07:40 шамасында Ақтобе-Атырау-Астрахань 
тас жолының бойында қоғамдық көлікті тоқтатып, тексеру кезінде, 1979 жылы туған жүргізушіден ішімдіктің иісін байқаған.

Осыған ұқсас жағдай таңғы сағат 08:52 шамасында орын алған. Қоғамдық көліктің 46 жастағы ​ жүргізушісі Астрахань тас жолының 577 шақырым тұсында автобус көлігін
алкогольдік ішімдік ішкен күйінде басқарған.

Екі жүргізушіге қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабымен әкімшілік хаттамалар толтырылды. Сонымен қатар екі автобус көлігінің жүргізушілері де жолдың қарсы бағытына шығып, көлік құралын рұқсатсыз жабдықтағаны үшін​ ҚР ӘҚБтК-нің 596 бабы 3 тармағы және ҚР ӘҚБтК-нің 590-бабы 7-тармағы ​ бойынша әкімшілік хаттамалар жасақталды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру