Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жедел басқару орталығы көмегімен Маңғыстауда 20 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды

Жедел басқару орталығы көмегімен Маңғыстауда 20 мыңнан астам жол қозғалысы ережесін бұзу дерегі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Полицияның Жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларының басым бөлігі жанданған көшелерге, оның ішінде қиылыстарға, аулаларға, қаланың жағалау аймағына, қоғамдық орындарға орналастырылған.

Дәл осы жерден қалалық полиция қызметтерінің барлық күштері мен құралдарын басқару және қылмыстық жағдайдың орын алған кезінде жедел әрекет ету жүзеге асырылады.

Заманауи техникалармен жабдықталған бұл орталық, жасалатын құқық бұзушылықтар туралы келіп түсетін ақпаратты қабылдауды және өңдеуді қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге мүмкіндік береді.

2021 жылдың қаңтар айынан бастап Ақтау және Жаңаөзен қалаларының бейнебақылау камераларының көмегімен 176 қылмыс ашылды.

Оның ішінде: бес тонау фактісі; бір қарақшылық шабуыл жасау фактісі; 24 бұзақылық фактісі; 23 ұрлық фактісі; 79 есірткі заттарын заңсыз пайдалану фактісі; тоғыз автокөлік ұрлау фактісі; 28 көлік құралын мас күйінде басқару фактісі; басқа да заңнама мен құқық тәртібін бұзу фактілері – жеті.

Тоғыз ай ішінде өңірде ЖБО сыртқы бейнебақылау камераларының көмегімен 28163 әкімшілік құқық бұзушылық фактісі анықталды.

Оның ішінде: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша 1335 факті (Ұсақ бұзақылық), ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша 2033 факті (Алкогольдік ішімдіктер ішу және қоғамдық орындарда масаң күйде болу), ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабы бойынша 45 факті (Темекі шегуге тыйым салуды бұзу), жол қозғалысы ережелерін бұзу 21649 факті, заңнама мен құқықтық тәртіпті бұзудың өзге де фактілері – 3 101.

Өткен бір аптаның өзінде ЖБО камераларының көмегімен Ақтау және Жаңаөзен қалаларында 1001 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.

Маңғыстау облысы Полиция департаменті тұрғындарды заң аясында тыйым салынған әрекеттерге жол бермеу керектігін ескертеді. Кез келген құқыққа қарсы әрекет үшін ҚР әкімшілік немесе қылмыстық кодексінің баптары негізінде жауапкершілік түрлері көзделгендігін қаперлеріңізге береміз.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру