«Автоураган» жүйесі: Ақтөбе облысының полицейлері құжатсыз көлік басқарған жүргізушілерді анықтады
Ақтөбе облысының полицейлері «Автоураган» жүйесінің көмегімен құжатсыз көлік басқарған жүргізушілерді анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
12 тамызда патрульдік полиция ротасының қызметкерлері «Автоураган» жүйесінің көмегімен құжатсыз көлік басқарған жүргізушіні анықтады. Ақтөбе – Орынбор автожолында полиция қызметкерлері 28 жастағы жүргізушінің басқаруымен Toyota Estima автокөлігін тоқтатты. Тексеру кезінде шетелдік есепте тұрған автокөліктің жүргізушісінде сақтандыру полисі мен көлік құралына құжаттар болмағаны анықталды.
Сондай-ақ полицейлер жүргізушіде 100 мың теңгеден астам төленбеген айыппұл бар екенін анықтады. Жүргізушіге әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттама толтырылды, автокөлік Мәртөк ауданы полиция бөлімінің аумағына қойылды.
Сонымен қатар келесі күні «Авто Ураган» жүйесінің көмегімен бұрын көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған Lada Largus автокөлігінің жүргізушісі анықталды. Хаттама толтырылды. Автокөлік арнайы автотұраққа қамалды.