Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автоұры көліктердің бөлшектерін сатумен айналысқан  

Қостанай облысында үш автокөліктің бөлшектерін қолды қылған ұрыға қатысты тергеу жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қалалық Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлік дөңгелектерінің ұрлығын ашты. Автоұры "ізін суытпай"ұсталды. Ол үш автоұрлығына күдікті ретінде анықталды.

2020 жылдың 9 ақпанында сағат 07:30 шамасында 27 жасар ер адам Қостанай қаласының № 8 шағын ауданының ауласында баллонды кілтті пайдаланып, "Nissan Patrol"автокөлігінен қосалқы дөңгелекті ұрлаған.

Сол күні ол облыс орталығының 5-шағын ауданына барып, "Toyota Hilux Surf" маркалы автокөлігінен де дөңгелектерін ұрлап кеткен.

"Honda CR-V"автокөлігінің де бөлшектерін ұрлаған. Заттарды өзінің жеке "Ваз-2101" маркалы көлігіне салып,ұрлап кеткен.

Жалпы шығын 300 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстады.Белгілі болғандай, қостанайлық ұрылар Қостанайда және Рудныйда дөңгелектерді сатып үлгерген.Күдікті бұрын істі болған.Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру