Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Автоұры көліктердің бөлшектерін сатумен айналысқан  

Қостанай облысында үш автокөліктің бөлшектерін қолды қылған ұрыға қатысты тергеу жүргізілуде,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қостанай қалалық Оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлері автокөлік дөңгелектерінің ұрлығын ашты. Автоұры «ізін суытпай»ұсталды. Ол үш автоұрлығына күдікті ретінде анықталды.

2020 жылдың 9 ақпанында сағат 07:30 шамасында 27 жасар ер адам Қостанай қаласының № 8 шағын ауданының ауласында баллонды кілтті пайдаланып, «Nissan Patrol»автокөлігінен қосалқы дөңгелекті ұрлаған.

Сол күні ол облыс орталығының 5-шағын ауданына барып, «Toyota Hilux Surf» маркалы автокөлігінен де дөңгелектерін ұрлап кеткен.

«Honda CR-V»автокөлігінің де бөлшектерін ұрлаған. Заттарды өзінің жеке «Ваз-2101» маркалы көлігіне салып,ұрлап кеткен.

Жалпы шығын 300 мың теңгені құрады.

Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шарасы барысында күдіктіні ұстады.Белгілі болғандай, қостанайлық ұрылар Қостанайда және Рудныйда дөңгелектерді сатып үлгерген.Күдікті бұрын істі болған.Қазіргі уақытта уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу жүргізілуде. Ұрланған заттар иелеріне қайтарылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру