Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

6 дана ақбөкен мүйізімен құрықталған браконьерлер

Криминалдық және табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері «Камаз» ауыр жүк көлігінде 6 дана ақбөкен мүйізі мен үш қоян және ара табылғанын айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.
15 ақпан күні кешке Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының далалық аймақта криминалдық және табиғатты қорғау полиция бөлімінің қызметкерлері «Камаз» ауыр жүк көлігін тоқтатты. Оның ішінде жүргізуші мен екі жолаушы болған, барлығы Әйтеке би ауданының жергілікті тұрғындары,
автокөлікті тексеру кезінде 6 дана ақбөкен мүйізі, үш қоян және ара табылып, тәркіленді.
Күдіктілер жайылымнан 100 шақырым жерде ақбөкен мүйіздерін кескендерін айтты.
Аталған жайтқа байланысты  ҚК 339-бабы (өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу амалдары жүргізілуде, күдіктіге сот «қамауға алу» шарасын қабылдады.
Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру