Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлікті мас күйінде жүргізетіндер саны азаяр емес

Демалыс күндері Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері көлік басқару құқығынан айырылған,екі мас жүргізушіні құрықтады,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Демалыс күндері Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері екі мас жүргізуші құрықтады.Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Тарбағатай ауданының полиция қызметкерлері Ақсуат ауылындағы әкімшілік учаске бағытын патрульдеу барысында Қабанбай көшесі бойында көлікті масаң күйде жүргізген 2 жүргізуші ұсталды.

Түнгі сағат 12 шамасында құқық қорғау қызметкерлері “ЛАДА-21154-110-40 ” маркалы автокөлігін тоқтатқан.Көлік “жеңіл дәрежелі” масаң күйінде басқарған 32 жасар жүргізушінің басқаруында болды.Сонымен қатар, Тарбағатай ауданының №1 әкімшілік сотында құқық бұзушы 10.01.2023 жылға дейін арнайы көлікті басқару құқықығынан айрылғаны белігілі болды.

Тағы бір 38 жастағы тәртіп бұзушыны полиция қызметкерлері түнгі сағат 3-те мас күйінде ұстады. “Дэу Нексия” маркалы автокөлігінің жүргізушісінен масаңдықтың орташа деңгейі анықталды.Құқық қорғау қызметі автоәуесқойдың деректерін тексеру кезінде 24.06.22 жылға дейін автокөлікті жүргізу құқығынан айырылғандығы фактісі анықталды.

Қазіргі таңда екі факті бойынша Қылмыстық кодекстің 346-бабы 1-бөлігі (көлік құралын мас күйінде жүргізу құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы)  бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жүргізушілер уақытша ұстау изоляторына жеткізілді.Автомобильдер айып тұрағына қамалды.

Құқық бұзушылар ірі айыппұлдан бес жылға дейінгі бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Ағымдағы жылдың 11 қаңтарында “ҚР кейбір заңнамалық актілеріне қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу заңнамасын жетілдіру және жеке тұлғаның құқығын қорғауды күшейту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заңына сәйкес  Қылмыстық кодекстің 346-бабында көзделген қылмыстық теріс қылық ауыр емес қылмыстар санатына ауыстырылды.

Шығыс Қазақстан облысында 11 қаңтардан қазіргі уақытқа дейін Қылмыстық кодестің 346-бабына сәйкес 19 қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру