Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейге пара берген азамат жауапкершілікке тартылуда

Шығыс Қазақстан облысында 36 жастағы қала тұрғыны полиция қызметкерлеріне пара бергені үшін жауапкелшілікке тартылуда,-деп хабарлайды Polisia.kz.

Қоғамдық тәртіпті сақтау және жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қызмет атқару барысында Қаржаубайұлы – Мичурин көшелерінің қиылысында Семей қаласы ІІБ жол-патрульдік қызметінің полиция қызметкерлері қала тұрғынының басқаруындағы “ВАЗ-2108” маркалы автокөлігін әкімшілік құқық бұзушылық жасаған, атап айтқанда автокөлік құралын басқарған, маневр кезінде бұрылыстың жарық белгісін бермегені үшін тоқтатылды.

Әкімшілік хаттаманы жасау кезінде тәртіп бұзушы бола тұра патрульдік автомашинаның салонында оны әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін қызмет инспекторына ақшалай сыйақы ұсынған. Жол полицейлері тәртіп бұзушыны лауазымды тұлғаға пара бергені үшін қылмыстық жауапкершілікке тартқаны туралы ескертті.

ВАЗ маркалы көліктің жүргізушісі барлық айыптаулардан кеткісі келіп, ескертуді елеместен, алдыңғы оң жақ орындықтың полигіне 6 000 теңге көлемінде ақшалай қаражат салған.

Нәтижесінде жүргізушіге қатысты әкімшілік материал ғана емес, сонымен қатар Қылмыстық кодекстің 367-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру