Автожолда болған жол-көлік оқиғасынан бір жолаушы көз жұмды
«Самара-Шымкент» автожолында болған жол-көлік оқиғасынан бір жолаушы көз жұмды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
14 қаңтар күні сағат 08:20-да «Самара-Шымкент» автожолында жедел жәрдем көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды.
Хромтау ауданы Аққұдық кенті аумағындағы тас жолда 35 жастағы «КИА» автокөлігінің жүргізушісі рөлді басқара алмай, Әйтеке би ауданының орталық аудандық ауруханасына тиесілі «Уаз» автокөлігімен соқтығысқан.
Жол-көлік оқиғасының нәтижесінде «жедел жәрдем» жүргізушісі мен жолаушы, түрлі дене жарақатымен ОАА қызметкері Хромтау қаласының ОАА жеткізілді. Бірнеше сағаттан кейін «Уаз» автокөлігінің 58 жастағы жолаушысы есін жимастан қайтыс болды.Жол-көлік оқиғасы фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті ҚР ЖҚЕ сақтауды, белгіленген жылдамдық пен қозғалыс аралығынан аспауды, жылдамдық режимін сақтауды ұсынады.